CaspianLife, 27 мамыр — Бүгін Ақтауда 27 шағынаудан тұрғынынан заңсыз оқ дәрі табылды.
Маңғыстау облыстық полиция басқармасының айтуынша, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
— Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жарияланбайды, — дейді МО полиция басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллақызы.