CaspianLife, 24 мамыр — Бүгін, 24-мамыр күні, Атырау қаласының тұсында Жайық өзенінің деңгейі 5 см-ге көтеріліп, қазір 590 см-ге жетті. Қауіпті межеден 40 см асқан. Сондай-ақ, Жаңаталап пен Еркінқала ауылының тұсында да 2 см көтеріліп тұр.
Индербор кентінің тұсында 5 см-ге төмендеп, 995 см-ді көрсетті. Ал Махамбет ауылында Жайық өзенінің деңгейі екі күннен бері өзгеріссіз. 10 м 20 см болып тұр.
Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі бір тәулікте 2 см-ге төмендеді. Қазір мұндағы су деңгейі 348 см. Қиғаш-Бөкейхан бекетінде де су деңгейі 1 см-ге түскен. 24-мамыр Иреклі су қоймасынан секундына 141 текше метр су жіберіліп жатыр.