CaspianLife, 25 сәуір — Атырау облысының Индербор кентінде пәтер өртеніп, екі бала мерт болып, екі адам ауруханаға түсті. Полиция қызметкерлері өртке қатысы бар күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды CaspianLife.
Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Индербор кентіндегі пәтер өртіне қатысты қылмыстық іс қозғалған.
«Индер аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері пәтер өртіне байланысты жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Соның нәтижесінде пәтер өртіне қатысы бар күдікті ұсталды. Қазір 31 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Өрт сағат 06:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толықтай жойылды.
Әйел адамның жағдайы аса ауыр жағдайда, денесін 90-95 пайыз күйік шалған. Ер адамның жағдайы орташа ауырлықта. Қазіргі таңда екеуіде жансақтау бөлімінде аппартта жатыр.
Әйел адамға санавиация шақыртылды