CaspianLife, 22 сәуір — Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Қамысқала ауылдық округінде 32 адамнан тұратын жедел топ құрылған еді. Әрбір топ учаскелерді бөліп алып, ұзындығы 9.2 км бөгет тұрғызуға кірісіп кеткен. Қазіргі негізгі жұмыс бітіп, қапшықтармен бекіту, бөгет үстін тығыздау сияқты жұмыс жасалып жатыр.
Қуанғали Нәубетов, жедел топ мүшесі:
– Ауылдың төрт мыңдай тұрғыны бар. Соның ішінде 60 өздерінің еріктерімен бөгет тұрғызуға көмектесіп жатыр. Күні бүгін 60 000-дай қапшыққа топырақ қапталып, өзектің бойындағы балдың ішкі жағына соғылып бөгет жасалып жатыр. Оның енді арнайы бөлінген техникалар топырақтан дамба тұрғызылып солай жұмыс жасалып жатыр. 27 техника жұмыс жасауда, аудан көлемінде, облыс көлемінде арнайы мекемелерден келген. Оның ішінде мынау оңтүстіктен де келіп көмектесіп жатырған техникалар бар. Бәрі де осы жұмысты атқарып жатыр, әлі де бір 3-4 күндік жұмыс бар.
Нарын, Бақсай каналынан келетін су алдымен осы Қамысқала ауылдық округінің жеріне жетеді. Нарын каналы арқылы ауылдық округке қарасты елдімекендерге тараса, Бақсай өзегі арқылы келетін су Хамит Ерғалиев ауылын екіге жарып өтеді. Сондықтан да ауданға басқа жақтан көмекке келген еріктілер мен олардың өзімен бірге келген техника Қамысқалада дамбы тұрғызу үшін жұмылған.
Қазіргі уақытта Қамысқала ауылдық округі аумағында 27 арнайы техника жүр.