CaspianLife, 17 сәуір — Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 9 см-ге көтерілді, қазір мұндағы су деңгейі 396 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 550 см. Батыс Қазақстан облысы жағынан келетін судың есебінен Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 9 см-ге көтеріліп, 547 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 845 см. Махамбет кенті маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 8 см-ге көтеріліп, су деңгейі 672 см-ді көрсетіп тұр. Қауіпті деңгей 850 см. Ал жалпы көктемгі тасқын басталғалы бері 355 см-ге көтерілген. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 6 см-ге көтеріліп, қазір мұндағы су деңгейі 193 см болып тұр. Қауіпті деңгей 5 метр. Жем өзенінің деңгейі бір күн ішінде 11 см-ге төмендеп, 192 см-ді көрсетті. 17-сәуір күні Иреклі суқоймасынан секундына 345 текше метр су жіберілуде.