CaspianLife, 16 сәуір — Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнен босатылуы мүмкін. Бұл туралы бұйрық жобасы «Ашық НҚА» жүйесінде жарияланған. Ол 29-сәуірге дейін ашық талқылауда болады. Сондай-ақ, мерзімінде жасалмаған төлемдерді мәжбүрлеп өндіру де тоқтатыла тұруы ықтимал дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Айнұр Сартаева:
Егер салық есептілігін тапсыру мерзімі 1 наурыз бен 30 маусым аралығына сәйкес келсе онда аталған салық есептілігін бірінші шілдеден тапсыруға болады. Мәжбүрлеп өндіру шаралары сонымен қатар тексеру істері, басқа да бақылау шараларына қатысты мерзімдерде осы уақытқа сәйкес келсе онда олардың уақыты бірінші шілдеге дейін шегеріледі. Одан кейін осы аралықта есептелетін өсімақылардың барлығы алынып тасталады.