CaspianLife, 26 наурыз — Атырау қаласын жиналған жаңбыр суынан тазарту жұмыстарына 44 арнайы техника (вакуум) пайдаланылуда. Қазіргі таңда 5200 текше метр су шығарылды. Тазарту жұмыстары тәулік бойына жалғасады.
Жұмылдырылған техника мен қызметкерлер бір уақытта барлық аумақты қамти алмайтынын ескере отыра, жұмыс кезең-кезеңімен атқарылады.