CaspianLife, 4 сәуір – Атырау облысы ПД Құлсары-Доссор аралығындағы жол жабылғанын хабарлады. Ағын су тас жолды басып кеткен.
«Құрметті жол қозғалысына қатысушылар назарына!
Атырау облысы аумағындағы республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 103 шақырымы тұсында яғни Құлсары қаласынан 20 шақырым қашықтықта тасқын су тасжолды басып кетті. Осыған байланысты Құлсары-Доссор аралығындағы жол қозғалысы толықтай тоқтатылды. Жолдар қалыпқа келгенше бұл бағытта жолға шықпауларыңыз, қауіпсіздікке мұқият болуларыңыз сұралады»-делінген хабарламада.
Қазіргі таңда су басқан тасжолдың бойында патрульдік полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын атқаруда.