CaspianLife, 2 сәуір — Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Ол «… 4 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады» деді. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президентінің еліміздің қай өңіріне баратыны көрсетілмеген. Алдағы сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек берілетіні ғана ескертілді.