CaspianLife, 29 наурыз — Облыс әкімінің өкімімен Атырау облысының Дін істері басқармасы басшысының лауазымына Қаһарман Мұсаев тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Қ.Мұсаев 1982 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Түркия Республикасы Сельчук университетінің «теолог», Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «құқықтану» мамандығын тәмамдаған.
Еңбек жолы:
05.2011 — 02.2012 жылдар аралығында «Сема Құрылыс» ЖШС менеджері;
02.2012 — 12.2012 жылдар аралығында «Арма Глобал Сервис» ЖШС сату бойынша менеджері;
2012 жылдан бастап бүгінге дейін Атырау облысы Дін істері басқармасында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.