CaspianLife, 19 наурыз — Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауданында магистральдық газ құбыры жарылып, арты өртке ұласты. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Төтенше жағдайдар департаменті өкілінің хабарлауынша, оқиға түнгі 11 шамасында болған. Құбыр «ИнтергазОрталықАзия» АҚ-на тиесілі. Қазір жарылыстың болуына не әсер еткені анықталып жатыр. «Қазтрансгазаймақ» АҚ газ тасымалдау нысандарына залал келмегенін, жұмыстың әдеттегідей жүріп жатқанын хабарлады. Халықты газбен қамтамасыз ету және газды тасымалдау жағынан да еш мәселе жоқ көрінеді.
«Бейнеу ауылындағы «ИнтергазОрталықАзия» АҚ қарасты магистральды газ құбырында поршенді жіберу торабында өрт орын алды. Өрт қазіргі уақытта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Жарылыстың себеп-салдары анықталуда»,-деді Бейнеу аудандық ТЖБ бастығы Ержан Лепесов.