CaspianLife, 15 наурыз — ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан ІІІ Ұлттық құрылтайда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандықтар туралы сенімді ақпарат алатын ұлттық платформа, яғни толық электронды дерекқор әлі күнге дейін жасақталмағанын айтты.
«Миллиондаған адамдардың өмірін жаулаған, тағдырын талқан еткен екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына келесі жылы 80 жыл болады. Сарапшылардың пайымдауынша майдангер ата бабасын іздеуші ұрпақтардың саны 2 млн адамнан асады екен. Майдангерлерге қатысты негізгі құжаттар мен деректер Ресейдің мұрағатында. Сондықтан, Ұлы отан соғысына қатысқандар туралы барлық ақпаратты қамтитын ресми ұлттық плафторма керек»- деді Еділ Жаңбыршин.
Жоғарыда айтылған мәселеге тоқтала келе мынадай ұсыныстар берілді:
1) Сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен батырларға халық қаһарманы атағын беру үрдісі жалғастыру;
2) Олардың есімдерін елді-мекендерге, көшелерге, мектептерге беру;
3) Ескерткіштерді жаңарту;
4) Ұлттық плафторма жасату;
5) Президент жанынан арнайы комиссия құру: