CaspianLife, 13 наурыз — Каспий теңізінде суға батқан кемелер шоғырланған бірнеше аймақтар бар. Ең қауіпті саналатыны – 200 және 214-ші аудандар. Бейнедегі Каспий теңізіндегі суға батқан кемелердің ең үлкен зираты. Бұрын бұл аймақ оқу-жаттығу полигоны, ал суға батқан кемелер нысана қызметін атқарған. Енді бұл аймақтар навигация үшін қауіпті деп танылып, кемелер олардан аулақ жүреді.
Түпқараған шығанағының жағасында да суға батқан кемелер бар. Мұнда иесіз кемелер отыз жылдан астам уақыт бойы жиналып жатыр. Олар тасымалдауға қауіп төндірмейді. Жойып жіберу де мүмкін емес. Өйткені кез-келген уақытта иелері келіп, кемеге құқтарын талап ете алады. Бірақ олар өздерін жариялауға да асықпайды, себебі кемені өз есебінен жоюға мәжбүр болады.
Түпқараған шығанағының түбінен сүңгуірлер тіпті 20-шы ғасырдың басы мен 19-ғасырдың аяғындағы кемелерді де тапты.