CaspianLife, 4 наурыз — Құрманғазы ауданындағы Сафон ауылдық округіне қарасты Каспий теңізінің жағалауында 700 гектар жерді өрт шалды. Екі күн бұрын басталған өрттің неден шыққаны белгісіз, — дейді құтқарушылар. Қазір тілсіз жауды сөндіру жұмысы жасалып жатыр. Оның басы-қасында 40-қа жуық адам жүр. Олар аудандағы №7 өрт сөндіру бөлімінің және орман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлері. Өртке қарсы 10 техника пайдаланылуда. Бүгін ауданға тікұшақ барыпты. Оның көмегімен әуелі барлау жасалып, жалын сөндірілмек.
-Елдімекендерге еш қауіп жоқ. Себебі Қиғаш өзені және оның тармақтарымен жан-жағымен қоршалған. Сол себептен елдімекендерге ешқандай қауіп жоқ. 700 гектар аумақта өрт болған. Қазіргі кезде оның бір 100 гектары жанып жатырған болуы мүмкін. Алайда қалғанынның бәрі өшіп келді, -деді Атырау облыстық ТЖД басқарма бастығы Жантөре Демешев.