CaspianLife, 14 ақпан — Атырау облысында күкірт тиелген вагондар рельстен шығып кетті, — деп хабарлайды CaspianLife.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 14 ақпан күні сағат 03:25-те Құлсары стансасында «Теңізшевройл» ЖШС-не тиесілі тепловоздың жеті вагоны рельстен шығып кеткен. Тепловоздағы вагондардың жалпы саны – 62.
Вагондарға тиелген күкірт төгілмеген. Зардап шеккендер жоқ. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ қалпына келтіру пойызы Мақат ауылына жол тартты.