CaspianLife, 1 ақпан — Бүгін «Атырау Жарық» АҚ қарасты қосалқы станция қызметкерлері жалақыны көтеруді талап еткені жөнінде жазған едік. «Атырау Жарық» АҚ мекемесі осы ақпаратқа жауап берді.
«Атырау Жарық» АҚ-ы мекемесінде 2023 жылдың шілдесінен бастап электр энергиясын беру тарифі көтеріліп, жұмысшылардың жалақысы орта есеппен 20% — ға артқан болатын. Ал жылдың соңында «Атырау Жарық» АҚ-ы тариф өсірген емес.
Сонымен қатар, «АтырауЭнергосату» ЖШС-і ағымдағы жылдың қараша айында тарифтерін өсіргені белгілі, алайда бұл басқа кәсіпорын болып табылады. Жұмысшылар қате түсініп, осыны меңзеп отырған болуы керек.
Басқа кәсіпорындарында тарифті (немесе жалақыны) арттырудың «Атырау Жарық» АҚ-ы қызметкерлерінің жалақысына әсері жоқ. Әрбір кәсіпорын жалақыны бекітілген сметаға сәйкес белгілейді», -делінген хатта.