CaspianLife,29 қаңтар — 23 қаңтар күні Жетібай ауылының тұрғыны көрші тұратын 20 жастағы жігіт пен 14 жастағы қызды пышақтап, қыз баланы зорламақ болған. Қазіргі таңда, күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Жетібай ауылдық директоры Берік Қауновтың мәлімдеуінше, қыз баланы ертең ауруханадан шығарады.
«Пациенттердің жалпы жағдайы жақсы деп айтуға болады. Қазір олардағы операциядан кейінгі жаралар
орнының ауырсынуы қалыпты жайт. Жара орындарында қабыну белгілері жоқ, таза. Қазіргі уакытта пациенттерді облыс орталығына ауыстыру қажеттілігі туындап отырған жоқ. Қыз баланы ертең ауруханадан үйіне шығарамыз деп жоспарлап отырмыз. Ал ағасы әлі де ауруханада дәрігерлік бақылауда болады», — деді Б. Қаунов.