CaspianLife, 28 желтоқсан — Бүгін 13:00 шамасында Атырау агро-техникалық колледжінің 17 жастағы 1 курс студентін қатарластары соққыға жыққан.
Атырау қалалық полиция басқармасы хабарлауынша, құқық бұзушылық жасады деген күдікпен сол оқу орнының 5 студенті полиция бөліміне жеткізілгкен. Жәбірленуші студент облыстық аурухана жеткізіліп жеңіл дене жарақатын алғаны анықталды. Қазір тиісті тергеу жүргізілуде.