CaspianLife, 20 желтоқсан — Атырауда 51 жастағы келіншек №1 қалалық емхана филиалының емдеу бөлмесінде екпе алған соң көз жұмған, деп хабарлайды CaspianLife.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 1972 жылы туған әйел 24 қараша күні есту шағымдарымен алдымен осы емдеу мекемесінің отоларинголог дәрігеріне жүгінген. Кейін 13 желтоқсанда ол емдеу бөлмесіне жолдама алу үшін жеке сурдолог-дәрігердің жазылуымен учаскелік дәрігерге барған. 14 желтоқсан күні сағат 09:15-те бірінші екпені алған соң науқас ауырып, есінен танып қалады. Дәрігерлер дереу жедел жәрдем шақырып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда сағат 09:51-де биологиялық өлім тіркелді. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды.