Қашаған кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауыты ішкі нарықты көгілдір отынмен толық қамтамасыз ете алмайды. Бұл жайында Энергетика министрлігінен мәлім етті.
«Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыты «QazaqGaz» ҰК» АҚ күшімен салынып жатыр. Пайдалануға беру мерзімі – 2025 жыл. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Зауыт іске қосылғаннан кейін ішкі нарықтың қажеттіліктері үшін шамамен 720 млн текше метр тауарлық газ өндіріледі деп болжанады. Бұл ішкі нарықтың қажеттіліктерін ішінара жабуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.
Ведомство мәліметінше, аталған зауытта өндірілетін тауарлық газ ішкі нарықтағы газ бағасына айтарлықтай әсер ете қоймайды. «Өйткені «QazaqGaz» ҰК» АҚ шикі газды Қашаған кен орнының операторынан ақысыз негізде алады және тауарлық газдың соңғы бағасында тек зауыттың өңдеу тарифі ғана қолданылатын болады», — деп түсіндіреді министрліктен.