Қызылқоға ауданындағы Қызылқоға, Жамбыл, Жангельдин, Тасшағыл, Мұқыр, Көздіғара ауылдық округтеріндегі ветеринариялық пункт меңгерушілеріне жаңа көлік берілді.
Бұл көліктер ветеринар мамандардың шалғай орналасқан елдімекендерге уақытылы жетіп, жануарларға дер кезінде көмек көрсетіп, сапалы ем-дом жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ауданның ахуалын жақсартуға да бұл автокөліктердің үлесі зор болмақ, — дейді аудан әкімі Қанат Әзмұханов.
Қазіргі кезде Қызылқоғада 1 ветеринариялық станция мен 10 ветеринариялық пункт жұмыс істеп тұр.
Бұдан өзге аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне де екі машинаның кілті табысталды. Қос көлікті «Арман» мәдениет үйінің ұжымы пайдаланбақ.