Маңғыстаудағы «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнындағы өрт жыл аяғына дейін сөндіріледі. Мамандар осындай болжам айтып отыр. Қазір «Бозащы» кен орнындағы қып-қызыл жалынды өшіру жұмысының екінші кезеңі басталды.
Бірінші кезеңде жер астына 40 000 текше метрден астам су жіберіліп, апатты ұңғымадан шығып жатқан газ қысымы төмендеген болатын. Енді мамандар ол жерге арайы сұйықтық құюға кірісті. Айтуларынша, мұндай қоспа өртті мүлдем өшіреді.
Еске сала кетейік, Бозашы мұнай түбегіндегі өрт биыл маусым айында басталған болатын. Осында жұмыс жасап жатқан мердігер мекеме жұмысшыларының технологиялық ереже-талапты сақтамауы себепті әуелі газды-су қоспасы атқылап, арты өртке ұласқан еді.