Атырауда ерекше қажеттілігі бар жандар ғимараттардың 90 пайызына емін-еркін кіріп шыға-алмайды. Өйткені бірінде пандус мүлде жоқ болса, өзгесінде талапқа мүлде сай емес.
Мұндай мәліметті «Біз де адамбыз» қоғамдық қорының өкілдері жариялады. «Қоғам кембағал жандардың жағдайын жасап, олардың өзін қоғамның тең дәрежелі мүшесі екенін сезіну үшін кедергісіз орта қалыптастыру қажет» деген олар шағын және орта бизнес иелерімен кездесіп, проблемаға бей-жай қарамай, шешуді сұрады.
Теңізшевройл компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Кедергісіз Атырау» жобасы аясында қор мүшелері жыл басынан бері 1000-нан астам нысанның мүгедектер үшін қаншалықты ыңғайлы екендігін тексерген. Өкінішке қарай жағдай қуанарлықтай емес.