23-қараша күні күні атыраулықтар түс әлетіне таман, яғни сағат 11.55 шамасында сирена дыбысын естиді. Бұдан үрейленудің қажеті жоқ дейді төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.
Бар болғаны — мамандар төтенше жағдай кезінде қажет болатын дабыл жүйелерін тексерістен өткізбек. «Төтенше жағдайдың болу қаупі туындаса немесе бола қалған жағдайда халық назарын аудару үшін электр сиреналары немесе басқа да сигнал құралдары іске қосылады.
Бұл «Назар аударыңыз!» дегенді білдіреді. Мұндай кезде жергілікті радионы болмаса телеарнаны қосу керек», — дейді құтқарушылар. 23-24 қараша күндері Атырау облысында «Қыс-2023» республикалық командалы-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі.
Соның аясында дабыл жүйесіне тексеру де жоспарланған, — деп мәлімдеді департаменттің қоғаммен байланыс тобы.