Атырауда 9 адамның гонконг тұмауын жұқтырғаны анықталды. Мұны облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары мәлімдеді.
Олардың сөзінше, симптомы жағынан кәдімгі тұмаудан еш айырмасы жоқ. Сондықтан тұмауға қарсы вакцинаны салдыру арқылы қорғануға болады. Гонконг тұмауы алғаш рет 1968-1969 жылдары Гонконгте анықталған. Кейін штамм Қазақстанға да жетіпті.
Айкөркем НҰРҒАЛИЕВА, Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі
- Айта кетсек, тұмау ауруының алдын алудағы тиімді жолы профилактика болып саналады. Тұмау аурушаңдығы соның ішінде гонконг тұмауының симптомдары кәдімгі тұмаумен бірдей. Құрғақ жөтел, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, аяқтың ауырсынуы, бұлшық етттің ауырсынуы осы белгілерді сезсеңіз бірден онда медициналық көмекке жүгінуіңіз қажет.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі Роза Қожапованың сөзінше, гонконг тұмауы Алматы, Жетісу облыстарында және Алматы, Шымкент қалаларында тіркелген. Ал Атырау оны жұқтырғандардың саны жағынан еліміз бойынша алда тұр.