CaspianLife, 15 қараша — Атырау қаласының экологиялық жағдайына кері әсерін азайту үшін облыстық мәслихат депутаттары Атырау мұнай өңдеу зауытына төмендегі нысандарды салуды ұсынды:
▪️ Жылыжай-лимонарий;
▪️ Атырау қаласында кемінде 2 футбол және 2 баскетбол алаңы.
«Атырау қаласында ауасы оттегіге бай фитонцидтердің мекеніне айналатын «Жылыжай-лимонарий» салуды міндеттейміз. Бұл орындар жүкті әйелдер мен зейнет жасындағы азаматтар, жалпы, кез келген қала тұрғыны таза ауамен тыныс алуы үшін қолайлы болады. Жылыжай ауданы кемінде 10 мың шаршы метр болуы керек».
– делінген депутаттардың Энергетика министріне, «ҚазМұнайГаз» және Атырау мұнай өңдеу зауытының басшыларына үндеуінде.