Caspian Life, 14 қараша. Ақтауда көпқабатты үйлердегі су қысымының төмен болуына байланысты халықтан арыз-шағым көп түсетін. Әсіресе жоғары қабаттағы пәтерлердің тұрғындары судың сыздықтап қана тұратынын, сондықтан ыдысқа су жинап қоюға мәжбүр екендіктерін айтатын. Енді осы мәселе шешілмек: көтергіш сорғы станциялары орнатылуда.
Қазіргі таңда қала бойынша судың қысымын реттеу үшін 7 дана көтергіш сорғы станциясы орнатылып, 6,7, 11 және 24-шағынаудандағы төртеуі коммуникацияға қосылған. Ал үшеуін магистральді ауыз су құбырына қосу жұмысы істеліп жатыр. Автоматты түрде жұмыс жасайтындықтан қол күшінің қажеті жоқ.
7 дана көтергіш сорғы станциясын сатып алу үшін бюджеттен 350 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Мамандардың сөзінше әрбір қондырғы бес ықшам ауданның үйлеріндегі су қысымының қалыпты болуын қамтамасыз етеді.