CaspianLife, 14 қараша — 2024 жылы ұзақ уақыт ауыр еңбек жағдайында жұмыс істеген қызметкерлерге арнаулы әлеуметтік төлем енгізілмек, деп хабарлайды CaspianLife.
Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген қызметкерлерге 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін арнайы әлеуметтік төлем енгізуді тапсырған еді.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі тараптардың пікірлерін және әлемдік тәжірибені ескере отырып, заңнамаға тиісті түзетулер әзірледі.
Төлемнің орташа сомасы шамамен 183 мың теңге. Қызметкер оны зейнеткерлік жасқа жеткенше алады да зейнетақы тағайындалғаннан кейін арнаулы әлеуметтік төлем тоқтатылады.