Мақат ауданында иппотерапия орталығы ашылды. Бәйгетөбе ауылдық округінде жұмысын бастаған жобаны мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «ҮМІТ – HOPE – НАДЕЖДА» және «Ұлттық спорт» қоғамдық қоры жүзеге асыруда.
Орталықтағы 1 дәрігер және 3 нұсқаушы маман 25 ерекше балаға 2 ай бойы тегін қызмет көрсетпек. Жоба авторларының айтуына қарағанда жылқы терапиясынан өту үшін дәрігерлердің нұсқаулығы қажет. Ем-дом арнайы үйретілген аттың көмегімен жасалады. Орталықта негізінен сал ауруына шалдыққан балалар емделеді. Ал мұндай сындай диагнозбен 52 бала өмір сүріп жатыр.