CaspianLife, 2 қазан — Атырау қаласы күні қарсаңында қалалық мәслихат сессиясының шешіміне сәйкес өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға қала әкімі Шәкір Кейкин «Атырау қаласының құрметті азаматы» атағын табыстады, деп хабарлайды CaspianLife Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— Бүгін Атырау қаласы үшін артына жақсы із бен іс қалдырған азаматтарға «Қаланың құрметті азаматы» атағын табыстаудың сәті түсіп тұр. Қаламыздың қабырғасы қатайып, әсем қалаға айналуына осы төрде отырған аға-апаларымыздың маңдай тері бар екені сөзсіз. Мұнайлы астанамыздың күннен күнге көркейіп, өркендеуіне қосқан үлестеріңіз зор. Осы орасан еңбектеріңізді жоғары бағаланып, қаламыздың құрметті азаматы атанып жатырсыздар. Лайықты марапатты паш ететін төсбелгілеріңіз құтты болсын!- деді қала әкімі.
Қаланың «Құрметті азаматы» атағы төрт ардагерге берілді.