CaspianLife, 6 қараша — Атырау облысының тұрғындары 5-қарашадан 6-қарашаға қараған түні аспандағы ерекше құбылысқа куә болды. Тұрғындарының әуесқой түсірілімінен аспанның қызыл түске боялғанын анық байқауға болады. Бұл құбылыстың себебі белгілі болды, деп хабарлайды CaspianLife.
Қызыл шұғыланы Атырау қаласымен қатар, бірқатар аудан тұрғындары да байқаған.
Аталған құбылысты астроном ғалымдар «қызыл полярлық шұғыла» деп түсіндірді. Ол күшті магниттік дауылдардың нәтижесінде ғана пайда болады екен. Бұл сирек құбыыс ғаламшардың магнит өрісі әлсіреп, жоғары энергиялы күн бөлшектерінің атмосфераға енуінің нәтижесінде болған.
Айта кетейік, тұрғындардың басым көпшілігі қызыл аспанды «өрттің себебінен» деп дүрліккен еді. Бірақ, облыстық ТЖД мәлімдеуінше, өңірде ешқандай қамыс өрті тіркелмеген.