CaspianLife, 4 қазан — Атырауға жұмыс сапарымен келген Парламент мәжілісінің депутаттары экобелсенділермен кездесіп, өңірдің экологиялық мәселелерін БҰҰ шеңберінде қарау керектігін айты, деп хабарлайды CaspianLife.
«Шындығында, Атыраудың хал-ахуалы жөнінде шаралар алынуы керек деп есептейміз. Жалпы, мына төленіп жатқан эмиссиялар мен айыппұлдардың Атыраудың экологиялысына жұмсалуы керек деген мәселелер көтерілді.
Экологиялық болып жатқан әр түрлі жағдайлардың адамдардың денсаулығына әсерін білу үшін, нақты қандай ауруын тудырғанын анықтау үшін кешенді медициналық экологиялық зерттеулер жүргізуіміз керек. Қандай ингредиенттерден, қандай лас заттардан туындап жатыр, неліктен туындап жатыр, оның себебін анықтауымыз керек. Сондықтан ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу керек деп есептейміз»-деді ҚР Парламенті мәжілісінің экологиялық мәселелер және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин.