Қазақстандағы ең жоғары орташа жалақы Ақтау мен Атырауда. Мұндай мәліметтерді ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы келтіріп отыр.
2023 жылдың екінші тоқсанындағы мәліметтер бойынша, Атырау облысында бір қызметкер айына орта есеппен 532,5 мың теңге алады. Одан кейін Маңғыстау облысы – 471,7 мың теңге, Ұлытау облысы – 451,6 мың теңге.
Ал ең аз орташа айлық жалақы Солтүстік Қазақстан облысында. Бұл өңірде орта есеппен бір қызметкер 249,5 мың теңге алады. Одан кейін Жетісу облысы – 254 мың теңге, Қостанай облысы – 271,1 мың теңге. Республикалық маңызы бар қалалардың жалақысы қандай дегенге тоқталсақ?! Ең азы шымкенттік жұмысшылар айына орта есеппен 257,6 мың теңге алады, одан кейін Алматы – 368,5 мың теңге және Астана – 400,4 мың теңге алады.
Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 2023 жылдың бірінші тоқсанында жылына 19,3%-ға, наурыздағы жылдық инфляция аясында 18,1% деңгейінде 340,6 мың теңгеге дейін өсті.
Қазақстандағы ең жоғары ақы төленетін жұмыс – әуе жолаушылар көлігі саласында, мұнда айына 1 млн теңге алуға болады. Теңіз жағалауындағы жүк тасымалдау және басқару консалтингі салаларында жұмыс істейтін қазақстандықтар айына орта есеппен 935 мың теңге алады. Сақтандыру компанияларының қызметкерлері шамамен 810 мың теңге, ал бағдарламашылар 790 мың теңге алады. Құбыр көлігі саласында қазақстандықтар 773 мың теңге алады. Тау-кен өнеркәсібінде орташа жалақы айына 766 мың теңгені құрайды.
Ал балық шаруашылығы салаларындағы қызметкерлер ең аз алады – 120,5 мың теңге, орман шаруашылығы – 143,8 мың теңге, мектепке дейінгі білім беру – 148 мың теңге, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар сыйақы үшін немесе шарттық негізде – 162,3 мың теңге, ветеринариялық қызмет – 166,1 мың теңге.