CaspianLife, 3 қазан — Болашақта Атырау-Орал тас жолында жол апатының алдын алу мақсатында ортасы металлоконструкциямен бөлінген төрт жолақты жол салынбақ. Бұл туралы ҚР Үкіметінің жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселесіне арналған отырысында ҚР көлік министрінің м.а. Талғат Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды CaspianLife.
«Қалалар арасында төрт мың шақырымнан астам төрт жолақты жол салу жоспарлануда» -деді ол.
ҚР Көлік министрлігі өкілінің айтуынша, төрт жолақты жолдар Жезқазған – Қарағанды, Атырау – Орал, Ақтөбе – Қызылорда тас жолдарында салынады.
Елімізде бүгінге дейін республикалық маңызы бар 3 мың шақырым жол қайта жаңғыртылып, I техникалық санатқа ауыстырылып, бөлу жолақтары мен тосқауылдар салынған.
Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, биыл жол-көлік оқиғалары 13 пайызға, зардап шеккендер саны 16 пайызға азайған.
«Бірақ жалпы нәтижеге қарамастан, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында жол апатының деңгейі жоғары», — деді ол.