CaspianLife, 13 қыркүйек — Бүгін таңғы сағат 06.45-те Атырау мұнай өңдеу зауытында электр энергиясының төмендеуі салдарынан бірқатар технологиялық қондырғылардың жұмысы тоқтаған, деп хабарлайды CaspianLife.
Төтенше жағдайды болдырмау үшін технологиялық регламентке және Төтенше жағдайларды жою жоспарына сәйкес отын газының артық қысымы алау жүйесіне жіберілді.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.