CaspianLife 11 қыркүйек — Соңғы сегіз айда Маңғыстау облысының патрульдік полиция инспекторлары 70216 адамның әкімшілік құқық бұзғанын анықтады, деп хабарлайды CaspianLife.
Тексеріс барысында, телефон пайдаланған 7471 жүргізушіге, қауіпсіздік белдігін тақпаған 13 685 жүргізушіге хаттама жасақталған. Құжатсыз көлік айдаған 3558 жүргізуші, ал мас күйде тізгінге отырған 591 жүргізуші жауапқа тартылды. Қарсы қозғалыс жолағына 50 жүргізуші шыққан. Жаяу жүргіншіні өткізбегені үшін үш айда 926 адамға әкімшілік хаттама жасақталды.
Сондай-ақ, жыл басынан бері 6989 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған.