CaspianLife, 11 қыркүйек — Қызылорда облысында “Қарасора-2023” іс-шарасы барысында есірткінің аса ірі партиясын тасымалдаған екі ақтөбелік ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife.
9 қыркүйекте Самара–Шымкент тасжолында Қызылорда ПД патрульдік полиция рота қызметкерлері жылдамдық режимін бұзған Nissan Maxima автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан екі үлкен полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті зат анықталып, тәркіленді. Кейін сараптама жүргізіліп, алынған зат 20 келі 143 грамм кептірілген марихуана екендігі нақтыланды.
31 жастағы көлік жүргізушісі мен 30 жастағы жолаушысы Ақтөбе облысының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүруде.