CaspianLife, 8 қыркүйек — ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің мәліметінше, «ТЭК-Қазақстан сауда үйі» ЖШС нарықтағы үстем жағдайын асыра пайдаланған, деп хабарлайды CaspianLife.
Монополияға қарсы агенттіктің назарына локомотивтерді жабдықтау бойынша қызметтердің (темір жолдар шекарасында дизельдік отынды қабылдау, сақтау және тарату) бағалары түсті.
2023 жылдың 20 сәуірінде компанияға 1,6 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Жаза монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін тағайындалды. Аталған компания тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі.
«ТЭК-Қазақстан» сауда үйі» ЖШС республикадағы жанармай қоймаларының ең ірі желісі. 2001 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компанияның Қазақстан бойынша жалпы сыйымдылығы 234 мың текше метр дизельдік отын, 7,5 мың текше метр бензин, 16 мың текше метр май және жағармай, сондай-ақ 130 мың тонна көмір және басқа сусымалы жүктері бар. Stasnet.kz-тегі мәлімет бойнша, «ТЭК-Қазақстан» сауда үйінің 2022 жылғы кірісі 160,8 млрд теңгені құраған.
Бүгінгі күні ЖШС сот анықтаған айыппұлды төледі.