CaspianLife, 6 қыркүйек — «Магистральдық су құбыры» ЖШС Атырау облысында Қашаған кен орнындағы кешенді газды тазарту қондырғысы үшін су құбырының құрылысы» жобасын жүзеге асырды, деп хабарлайды CaspianLife.
«ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, су құбыры Қашаған кен орнындағы ілеспе газды өңдеу зауытының құрылысының бірінші кезеңін жүзеге асыру үшін сумен қамтамасыз етеді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары биыл 31 мамыр мен 31 тамыз аралығында үш айдың ішінде аяқталыпты. Су құбыры «Магистральдық су құбыры» ЖШС басқаратын Астрахань-Маңғышлақ магистральдық су құбырына қосылған.