CaspianLife, 18 тамыз — Құрманғазы ауданында 3 қабатты 4 үй салынады. Әрқайсысы 60 пәтерлік болатын тұрғын үйлердің жобалық сметалық құжаттары жасақталып жатыр, деп хабарлайды CaspianLife.
Мұны Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиев айтты. Әзірге жұмыстың қашан басталары белгісіз. Жаңа үйлер аудан орталығына жақын орналасқан Кадырка елді мекенінде бөй көтеретін болады. Пәтерлер көпбалалы, әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларға, жетімдер мен мемлекеттік қызметшілерге және апатты үйлердің тұрғындарына берілмек. Айта кетейік, қазіргі уақытта аудан бойынша баспана кезегінде 1061 адам тұр.