caspianlife, 14 тамыз — Атырауда алғаш рет әуесқой триатлоншылар арасында Swimrun Challenge жарысы өтті. Акватлон деп аталатын сайысқа 100 адам қатысып, жүзден жүйрік атануға тырысты. Ереже бойынша қатысушылар ең алдымен түрлі қашықтыққа жүгіріп, кейін жүзіп, судан шыққасын тағы да жүгіру керек, деп хабарлайды CaspianLife.
Спорттық сайысты Atyrau Irom Team триатлоншылар клубы ұйымдастырды. Оларға қаладағы түрлі мекеме мен жергілікті әкімдік қолдау көрсеткен. Іс-шара соңында жарыс жеңімпаздары марапатталып, медальдар мен ақшалай сыйлық табыс етілді.
Фото: inform.kz