CaspianLife, 8 тамыз — Қызылқоғалық шаруа — Салауат Мұратұлы биыл алғаш рет 1 гектар алқапқа егін салды, деп хабарлайды CaspianLife.
Осы уақытқа дейін үйінің шарбағынан өнім алып жүрген Салауат әкімдік берген қолдаудың арқасында Секерсамай алқабына түрен салды. Екі мың түп қарбыз-қауын, мың түп қызанақ,екі мың түп қияр еккен. Нәтижесі көз де, көңіл де қуанарлықтай. Енід егіс алқабының көлемін ұлғайту жоспарында бар.
«Огурцыдың өзінен 5 тонна огурцы алдық. Оны да халыққа ұсынып жатырмыз. Химикат жоқ, таза өнім. Биогумуспен шыққан. Одан кейін қарбызымызды да екі үш күн болды тасып жатырмыз. Жаман емес дәмі жақсы. Өнімнің шығуы жақсы биыл, бірақ маған бірінші жылым болған себепті кішкене тәжірибе болып жатыр былайша айтқан кезде. Өнімнің шығуы өте жақсы. Халықтың сұранысы өте жақсы. Ауылдың местный десең өте жақсы алады» — деді шаруа Салауат Мұратұлы.
Биыл көктемде бау-бақша саламын деген 20 шақты тұрғынға әкімдік барынша көмек көрсетіпті. Егіншілерге сулы алқаптардан тегін участок бөліп, жер жыртуға қажетті техниканы да тауып берген. Осы жылы аудандағы 50 гектар жердің 15 гектарына картоп, 15 гектарына көкөніс, 20 гектарына бақша салыныпты.
«50 гектар әртүрлі округтерге бөлініп берілді. Соның ішінде Миялы және Жангельдин округтеріне тәжірибе көру мақсатында үлкен үлкен деген кәсіпкерлерге берілді жер. Сондай-ақ ауыл тұрғындарына да бөлініп жер берілді. Аудан бйоынша соңғы уақытта Ойыл өзені тасуы салдарынан егін егу жұмыстары қолға алынып жатыр. Енді жалпы биылға егін несін көбейту мақсатында ауыл шаруашылығындағы жер ретінде шығарып 65 гектар конкурсқа жер шығардық. 4 адамға. Олар келесі жылдан бастап тек егін егу мәселесімен айналысады» — деді Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ержан Нуралин.
Егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтарға мемлекет тарапынан тұқым сатып алу үшін 50-70 пайыз, тыңайтқыш алып, тамшылатып суару әдісін енгізу үшін 50 пайыз субсидия қарастырылған.
Фото: Сейхун-инфо.кз