CaspianLife, 2 тамыз — Атырауда көкжөтелмен сырқаттанғандардың саны былтырғымен салыстырғанда 23%-ға өскен, деп хабарлайды CaspianLife.
Жыл басынан бері өңірде осы жұқпалы аурумен 46 адам ауырыпты. Оның 41-і қалада, үшеуі Құрманғазы , екеуі Махамбет ауданында. Көкжөтелді жұқтырғандардың көбі 14жасқа дейінгі бала, олардың арасында тек 1 ересек бар. Мамандар инфекцияның адамнан адамға ауа арқылы жұғатынын айтады. Дәрігерлер бүгінгі күні аурудың алдын алудың бірден-бір шарасы – вакцинация жасау деп отыр. Және олар аурудың көбеюін екпеден бас тартумен тікелей байланыстырады.
«Жалпы көкжөтелеге ем-дом шаралары әртүрлі жүргізіледі. Симтоматияға байланысты. Яғни ол мұрын жұтқыншақтының сілекейлі қабығын қабындырады. Сол спазмаға қарсы дәрілер ингалияция ретінде қолдануға болады. Медикамоз ретінде. Және антидим… препаратты баланың жасына қарай таңдауға болады. Хлорополин бар соны баланың ерекшелігіне қарай таңдауға болады. Бұдан бөлек таза ауаға шығу +10,+5 граус аралығында жерде баланы серуендету керек» — деді врач-инфекционист Мархабат Сарман.
Дәрігерлер көкжөтелге қарсы екпе жоспарлы түрде 1 жарым, 2,3 және 4 жастағы балаларға салынатынын айтады.
Фото: Онлан Тамбов.ру