CaspianLife, 28 шілде — Түркістан облысында күдіктілерге қысым көрсеткен 6 полицейдің соты айқай-шуға ұласты, деп хабарлайды CaspianLife «Хабар 24» сілтеме жасап. Айта кетейік, бір жыл бұрын Сауран аудандық Полиция бөлімінің бұрынғы қызметкерлеріне 2 тұрғынды ұрып-соғып, мал ұрлығы бойынша қылмысты мойындатпақ болды деген айып тағылған еді. Содан бері тергеуде болғандарға қатысты бүгін сот үкімі шықты. Бесеуі 4 жылға бас бостандығынан айырылса, тағы бір тәртіп сақшысы 3,5 жылға қамауға алынды. Сот үкімімен барлығы шенінен айырылып, құқық қорғау органдарынан шеттетілді.Ал жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады. Үкім оқылған кезде айыпталушылардың туыстары мен қорғаушылары сот залында шу шығарды. Айтуларынша, тергеу барысы мен сот отырысында қылмыстары дәлелденбеген. Енді облыстық сотқа аппеляциялық шағым түсірмек.
Фото: El.kz
Видео: azattyq.org сайтынан алынды