CaspianLife, 24 шілде — Биыл Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына әртүрлі мекеме жұмысшыларынан 1000-нан астам өтініш түскен, деп хабарлайды CaspianLife.
Олардың басым көпшілігі жалақы, еңбек демалысы, жұмыстан заңсыз шығару мәселесіне байланысты арызданыпты. Еңбек инспекторлары жыл басынан бері 124 рет тексеру жүргізіп, нәтижесінде еңбек заңнамасының162 рет бұзылғанын анықтаған. Кәсіпорындарға 7,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Әзірге оның 5,7 млн теңгесі өндіріліпті.
«Өңірде орналасқан кәсіпорындарда орын алған 38 өндірістік жазатайым оқиғаның салдарынан 16 жұмысшы ауыр дене жарақатын алып, 3 жұмысшы қаза болды. Жұмыс орнында жазатайым жағдайға тап болған жұмысшылар бойынша міндетті түрде арнаулы комиссия құрылып, тергеу болады. Материалдар полицияға жіберіледі. Полиция уже оценкасын береді» — деді Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы басшысының м.а Думан Әбеуов.
Жақында Мақат ауданында “Атырау жарық” АҚ жұмысшысы қызмет бабында қаза тапқанды. Қатенің қай тараптан кеткені әзірге белгісіз. Осы дерекке қатысты тексеріс әлі жүріп жатқан көрінеді.