CaspianLife, 21 шілде – Атырау қаласындағы BINOM мектептеріне тапсырылған өтініштердің 40% ғана мақұлданған деп хабарлайды caspianlife.kz.
Бұл құжат қабылдаудың алғашқы күнінің нәтижесі. 1 күнде жаңа білім ордасының әрқайсысына 1900 өтініш түскен. Жалпы барлық өтінімнің 40 пайызы мақұлданған. Көпшіліктің өтінішінің қабылданбауына оның дұрыс толтырылмауы және балалардың тұрғылықты мекен-жайының сәйкес келмеуі себеп дейді білім беру басқармасындағылар.Тексеруден кейін 1000-нан астам бос орын ашылған. Қосымша өтініштер 21 шілде күні сағат 9.00-де қабылданып бастайды. 1900 бос орын 21 шілдеде толмаса, 24 шілдеде тағы да қосымша қабылдау жүргізіледі.
Төменде Бином мектептеріне қабылдау кезеңдері берілген:
20, 21 және 24 шілде – 1-4 сыныптар
2-4 тамыз – 5-9 сыныптар
14-15 тамыз – 10, 11 сыныптарға құжат қабылданады.