CaspianLife, 17 шілде – «Ерік Мостовой» каналындағы сасық су Жайық өзеніне қайта құйылып жатыр деп хабарлайды caspianlife.kz.
Жергілікті балықшылардың айтуынша, көктемде Жайықтың суы каналды толтырып, кейін тартылып қалған. Енді канал бойындағы лас су «Жайық» өзеніне қайта құйылып жатыр. Өкінішке қарай, қалалық әкімдік қоқысқа толып, жағымсыз иіс шығатын бұл каналдың тағдырының қандай болатынын дөп басып айта алмай отыр. Жергілікті атқарушы орган алғашында каналды жерасты суының деңгейін төмендетіп, жауын-шашын кезінде қаланы су баспас үшін пайдаланамыз деп жоспарланған. Ерік Мостовой қаланы айналып өтіп, бір шеті Каспий теңізіне қосылуы тиіс еді. Бірақ, басталған жұмыс мақсатына жетпеді.