CaspianLife, 11 шілде — Атыраулық жасөспірімдер жекпе жектен Түркістан облысында өткен ҚР чемпионатынан жүлдемен оралды, деп хабарлайды CaspianLife.
Жарысқа 15 облыстың спортшылары қатысқан еді. Соның ішінде атыраулықтар 3 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль иеленіп, командалық есепте 4-ші орынға тұрақтады.
«4 бой өткізіп, 3-уін уақытынан бұрын аяқтадым. Соңғы финалдағы сопернигім қиын болды. Төрешілер шешімімен ұттым. Жарысқа жақсы дайындалдым. Осы жарысқа дайындаған Ануарбек Батаевқа рақметімді айтамын және де бізді қолдаған, спонсор болған Дамбы БЖСМ спорт мектебіне рахметімді айтамын. Және де директор Серік Нұржанұлына алғысымды білдіреміз. Тағыда тоқтамаймыз, Әлем чемпионы боламыз» — деді спортшы Диас Жұмабай.
Жекпе жек — 2009 жылы ұлттық спорт түріне енгізіліп, чемпионат содан бері ұйымдастырылып келеді. Оған 14-18 жас аралығындағы жасөпірімдер мен юниорлар қатысады. Ал жергілікті спортшылар жарыстарға осы құраммен 2016 жылдан бері қатысып жүр.
«Бұл ЧҚ екі апта жаттығу жиынын өткіздік. Сол жаттығу жиынының еңбегімізбен осындай жетістікке жеттік. Бұл ҚЧ өте жоғары деңгейде өтетін жарыс, біз осы күнге дейін мұндай жетістікке жетпеген едік жасөспірімдер арасында. Осы жолы 3 алтын, 3 күміспен үлкен деңгейде жетісіткке жетіп отырмыз. Аз ақ қагна бала 10-ақ бала барып, 8 бала орын алып жүлделі орынмен қайтуда. Басқа облыстан 50-60 бала келгенмен, біздің жүлделік қорымыз одан жоғары болды» — деді аға жаттықтырушы Әнуарбек Батаев.
Енді спортшылар Қазақстан кубогы мен Азия чемпионатына қатысу үшін дайындыққа кіріспек.