CaspianLife, 29 маусым —Атырауда 9 сыныпты аяқтаған оқушылардың біріне аттестат түлектер кеші өтіп кеткеннен кейін берілді,- деп хабарлайды caspianlife.kz. Айкөркем Нұрымова сал ауруына шалдыққан. Ерекше бала. Қаладағы Әбіш Кекілбаев атындағы нөмірі 41-інші мектеп-гимназиясының оқушысы. Оқу орнына төртінші тоқсанда келген. Ата-анасының сөзінше, түлектер кешінің қай күні нешеде өтетінін ешкім айтпаған. Ақырында балам қатарластарымен бірге болып, қызық сәтті тамашалай алмады, деп ренжиді Айкөркемнің әкесі.Мектеп директоры бұл жайтты жоққа шығарды. Оған сенсек, іс-шараның болатындығы туралы ата-аналарға бір күн бұрын айтылған. Бірақ Айкөркемнің әке-шешесі аттестатты кейін өздері келіп алып кететінін айтқан көрінеді.Дегенмен мектеп ұжымы Айкөркем үшін салтанатты кеш ұйымдастырып, негізгі орта мектепті бітіргендігі туралы куәлікті табыстады. Оған қыз баланың сыныптастары да қатысты.