CaspianLife, 27 маусым —Балабақшада ойнап жүріп, саусағының бір бөлігінен айрылған бүлдіршіннің ата-анасы сотқа арыз түсірмек,- деп хабарлайды caspianlife.kz. 4 жасар Әсияның әкесі Ержан Тәженов егер мектепке дейінгі ұйым басшылығы балаға қажетті көмекті көрсетпесе осылай істегеннен басқа амалым жоқ дейді. Айтуынша, екінші тарап әзірге кешірім сұраумен шектелген. Оқиға кеше түске таман балабақша ауласында болған. Бөбекжай әдіскерінің айтуынша, әткеншек теуіп отырған қыздың қолы қанап жатқанын тәрбиешілер көріп, алғашқы көмек көрсеткен. Іле-шала балалар ауруханасына жеткізіпті. Қазіргі кезде баланың жағдайы жаман емес. Көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді, — дейді дәрігерлер.